Кез келген энергия өндіру ісі бірінші кезекте елді жасыл желекпен қамтамасыз ету шарасына сай болуы керек - Н.Әшімов

2050 жылға дейін энергия тапшылығы 2 есеге артады»,- деді Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов IV Астаналық экономикалық форумының аясында өтіп жатқан «Жасыл желек - Пост Киото перспективасы» атты тақырыпта өтіп жатқан панельдік сессия барысында.
Министрдің сөзіне қарағанда, болашақта энергия қуаты мүлдем жетіспейтін мемлекеттер де болады. «Ал жасыл желекті экономиканы қалыптастыру үшін Мемлекет басшысы энерго-экологиялық қауіпсіздік доктринасын ойлап тапты. Яғни Қазақстан сияқты энергия өндіретін мемлекеттер осы энергияның пайдасын көруі керек. Ал осы қуат көздерінің барлығы сарқылған тұста өзге технологиялар қалуы қажет. Ең бастысы, кез келген энергия өндіру ісі бірінші кезекте елді жасыл желекпен қамтамасыз ету шарасына сай болуы тиіс. Президент те Қазақстанның энергетика саласын дамыту шарасы экологиялық талаптармен сай болуы керектігін, яғни экологияны жақсартуға үлес қосуы қажеттігін айтады»,-деді Қоршаған ортаны қорғау министрі.
Оның сөзіне қарағанда, Корея мемлекетті әлемде алғашқылардың бірі болып «Жасыл желек» бағдарламасын қабылдады. Кореялықтар қатаң экологиялық талаптардың экономикалық дамуды жетілдіретіндігін көрсетті. «Бұған дәлел ретінде бүгінгі Кореяның даму көрсеткіштерін алуға болады. Бұл ел әлем бойынша көптеген салаларда өзгелерден озық тұр. Ал біздің Елбасымыз бұл идеяны одан әрі жетілдіре түсуді ұсынып отыр»,-деді Н.Әшімов.