Кезекте тұрған 600-ден астам адам жаңа пәтерлерге ие болады, ескілері ТКШ-ты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өтеді - Павлодар

ПАВЛОДАР. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Биыл кезекте тұрған 600-ден астам адам жалға берілетін және Тұрғын үй құрылыс жинақтау бағдарламасы бойынша салынған үйлерден пәтерлер алады.
None
None

Бұл туралы сейсенбі күні тұрғындардың қатысуымен өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Павлодар облысының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов мәлім етті. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша үйлерді жөндеуден өткізуге 432 миллион теңге қарастырылып отыр. Аулаларды абаттандыру, жолдар мен жаяужолдарды жөндеу және көшелерді көгалдандыру жұмыстары жалғастырылатын болады.

Облыс орталығы өнеркәсіптік кәсіпорындардың жетістікті қызметі мен шағын бизнес өнімдерінің арқасында қарқынды даму үстінде.  

Өткен жылы өнеркәсіптік өнімдерді өндіру көлемі 474 млрд.-тан астам теңгені құрады. Қаланың бюджетіне 28 млрд. теңге түсті, оның 19, 4 млдр.-ды - меншікті кірістер.     

Қалада «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы іске асырылуда, өткен жылы 1769 жұмыс орны құрылып, 4 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Биыл әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселесіне қолғабыс ету мақсатында қалалық бюджеттен 896 млн. теңге бөлінді. 

Депутаттар атқарушы биліктің есебін қабылдай отырып, оның жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.  

Соңғы жаңалықтар