«ҚХА» еліміздің этноұлтаралық қарым-қатынасын дамытудың іргелі институтына айналды - Н. Назарбаев

анның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің этноұлтаралық қарым-қатынасын дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналды.
None
None

Бұл туралы бүгін «Ел бірлігі - біздің стратегиялық таңдау» тақырыбында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Мәртебелі органның сессияларында қоғамдық өмірдің сан салаларын қамтитын, оның қабілетіне ықпал жасайтын әлеуметтік мәні зор мәселелер талқыланып жүр. Біздің үлгімізді шетелдік меймандар да өнеге тұтады. Олар сессия жұмысына қатысты Ассамблея қызметінің жаңа қырларын үйренуде, бағыт-бағдарларынан тәлім алуда», деді Елбасы.

Президент, ең бастысы Ассамблеяның әрбір сессиясын қарапайым халық тағатсыздана күтетінін айта келе: «Өйткені барлық этносты бауырына басып, құшағына алған бұл құрылымның әрбір жиында ортақ Отанымыздың келешегіне қатысты аса маңызды ой-пікірлер, ұсыныстар ортаға салынады.  Сессияның бүгінгі мәжілісінде де осындай өзекті мәселелер талқыланып, шешімдер қабылданады деп сенеміз», деді.

Соңғы жаңалықтар