ҚХА қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің маңызды буынына айналды - З.Аманжолова (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін «Бір халық, бір болашақ» тақырыбында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы болып өтті.
None
None

Сессияның ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова соңғы 20 жыл ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының елімізде саяси мүдделерден жоғары тұрған ұйымға айналғандығын мақтанышпен жеткізді. «Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасы Жарлығымен 1995 жылы 1 наурызда құрылған болатын. Содан бері Ассамблея қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің маңызды буынына айналды. Конституциялық мәртебеге ие болды. Еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақтың, бір тудың астына топтастыра білді. Сол үшін де ұйымның беделі артты. Елбасының Жарлығымен биылғы 2015 жыл - «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланды. Демек, биылғы жыл - нақты істер жылы. Біртұтас Қазақстан халқының теңдессіз және елеулі жетістіктерін айшықтайтын жыл», - деді З.Аманжолова. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының ғимаратында өткен сессияға Алматы қаласы әкімдігінің және қаладағы барлық 34 этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ассамблея жанындағы «Жарасым» жастар клубының мүшелері және басқа да елімізге белгілі тұлғалар қатысты. Сессия барысында 2015 жылғы 23 сәуірде Астана қаласындағы ҚР Президенті, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында жүктелген міндеттемелер мен тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Соңғы жаңалықтар