ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирь» командасымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 5 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді. 

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирь» командасымен кездеседі
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 15:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 66 мәрте кездескен. Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Биыл «Барыс» он кездесудің төртеуінде басым түсіп, қалғанында жеңілістің ащы дәмін татты. 

Ал «Сибирь» он кездесудің төртеуінде қарсыласын қапы қалдырды.

Турнир кестесінде «Барыс» 11 ұпаймен 15 орынға жайғасса, «Сибирь» 8 ұпаймен 20 орында келеді.

Елордалық клуб тағы екі ойынын сырт айдында өткізіп, Ресейде 7 қазанда «Ак Барс» (Қазан), 9 қазанда «Трактор» (Челябі) командаларына қарсы ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Локомотивтен» жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар