14:44, 05 Қаңтар 2012 | GMT +5
ҚХР төрағасының арнайы елшісі Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді
БЕЙЖІҢ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бейсенбі күні ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның арнайы елшісі ретінде Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты Комитетінің төрағасы Чэнь Чжили Орта Азия мемлекеттеріне жұмыс сапарын жасайды.
ҚХР СІМ-нің берген мәліметіне сәйкес, 5 Орта Азия мемлекеттерінің шақырулары бойынша ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның арнайы елшісі ретінде ХӨ БЖТК төрағасының орынбасары Чэнь Чжили 2012 жылы қаңтардың 5-і мен 14-і аралығында Өзбекстанға, Қазақстанға, Қырғызстанға, Тәжікстан мен Түркіменстанға жұмыс сапарымен келеді. Сонымен қатар ол Қытай және 5 Орта Азия мемлекеттері арасында орнатылған дипломатиялық қарым-қатынастарға 20 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған шараларға қатысады.