Киберқауіп, заңсыз шығарылған активтерді қайтару: Бас прокуратура келісім жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Бас Прокуроры Берік Асылов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Аксуорсимен кездесу өткізді.

Киберқауіп, заңсыз шығарылған активтерді қайтару: Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастық орнатты
Фото: Бас прокуратура

Ұлыбританияның өкіліне қазақстандық прокуратураның негізгі функциялары мен басым бағыттары туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында заң үстемдігі мен адам құқықтарын қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ нақты қылмыстық істер бойынша іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялауға қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Бас Прокурор қылмыстық сот ісін жүргізу саласында келісімдер жасасу арқылы шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту қажеттілігіне ерекше атап өтті.

Киберқауіп, заңсыз шығарылған активтерді қайтару: Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастық орнатты
Фото: Бас прокуратура

Әңгімелесуші өзара қызығушылық тудыратын барлық құқықтық мәселе бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін растады. Кездесу нәтижесінде тараптар трансұлттық қылмысқа, киберқауіптерге, қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл, сонымен бірге заңсыз шығарылған активтерді қайтару салаларында өзара ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты.

Айта кетейік, бас прокурор Қазақстанда қылмыстық істердің 90 пайызы электрондық форматта тергеліп жатқанын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар