Қырғызстан университеттерінде ЖИ-ге қатысты мамандықтар пайда болады

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстанда жоғары кәсіби білім беру бағыттары мен мамандықтарының тізімін жаңарту ұсынылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі. 

Связанные с ИИ специальности появятся в вузах Кыргызстана
Фото: Кабар

Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің тиісті қаулы жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Елде 2011 жылы бекітілген жоғары кәсіби білім беру бағыттары мен мамандықтарының тізімдерін түгендеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша олардың саны айтарлықтай қысқарды: бакалавриат бойынша 159-дан 131-ге дейін, магистратура бойынша 163-тен 134-ке дейін және мамандандыру бойынша — 55-тен 40-қа дейін. Инженерлік және техникалық мамандарды даярлауға арналған бағыттар мен мамандықтар біріктіріліп, қайталану жойылды.

Тізімдерге жаңа технологияларды қолдану, цифрландыру, жасанды интеллект, үлкен деректер, киберқауіпсіздік және блокчейн технологияларына қатысты сұранысқа ие жаңа мамандандықтар қосылды.

Біріктірілген бағыттар мен мамандықтар университеттерге қажет болған жағдайда және жұмыс берушілердің өтініші бойынша негізгі тізімге өзгеріс енгізбестен жаңа оқу профильдерін тез ашуға мүмкіндік береді. 

Осыған дейін Қырғызстанда жоғары және орта кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектерін қорытынды мемлекеттік аттестаттау ережелерін өзгерту ұсынылғанын хабарладық. 

Сондай-ақ 2027 жылы Қырғызстанда студенттерді ротациялау жүйесі енгізілетінін жаздық.