07:40, 01 Наурыз 2010 | GMT +5
Кісі өлтірді деп күдік келтірілгендер тағы да алқабилер сотының алдына келеді - Павлодар
ПАВЛОДАР. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұздың бұрынғы әкімін өлтірді деп күдік келтірілген төрт азамат тағы да сот алдына әкелінеді.
Бұл қылмыс 2008 жылдың мамыр айында орын алған болатын.
Жол берілген процессуалдық заңбұзушылықтардың себебінен, өткен жылдың тамыз айындағы алқабилер сотының ақтау үкімінің күшін Жоғарғы сот жойып отыр.
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, айыпталушылар тағы да алқабилер сотының қатысуымен өтетін сот амалын таңдады. Алқабилерді іріктеу үдерісі наурыз айының бірінші жартысында Павлодардың мамандандырылған ауданаралық сотында өтетін болады.