Кітапхана керуені ОҚО-ның Құмкент ауылына жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған мәдени шара керуені ОҚО Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге байланысты Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте аудандар мен қалаларға, шалғайда орналасқан елді мекендердің тұрғындарына мәдени қызмет көрсету мақсатында облыстық өнер мекемелерінің гастрольдік іссапарларын ұйымдастыру тапсырылған болатын. «ӨНЕРІМ САҒАН - АУЫЛЫМ» ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына - 25 гастрольдік сапар және «КІТАПХАНАЛЫҚ КЕРУЕН - 25 АУЫЛҒА» жобасының аясында автокеруен Созақ ауданы Құмкент ауылына бас тіреді.

Керуен қонақтарын Құмкент ауылының ақ әжелері шашумен күтіп алып, кездесудің қонақтары айтыскер ақын Ақмарал Леубаева, жазушы Захардин Қыстаубаев, мүшайралардың жеңімпаздары, жас ақындар Мұқағали Кенжетайұлы, Батырхан Сәрсенхан, Дәурен Айманбет тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, өз өлеңдерінен үзінділер оқыды.

«Мәңгілік елдің - мәңгілік мұрасы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, осы керуеннің ең жас өкілі «Әлемді кітап арқылы танимын» облыстық байқауының бас жүлдегері Дидар Ибадулла әуезді әнімен ауыл тұрғындарын бір серпілтіп тастады.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жалғасын табатын аталмыш жоба, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында қорытындыланады.

Соңғы жаңалықтар