Қытай АҚШ және Ресеймен ядролық қарусыздану келіссөзіне қатысудан бас тартты
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайды АҚШ және Ресеймен ядролық қарусыздану жөніндегі келіссөзге қосылуға шақыру қисынсыз және шындыққа жанаспайды. Бұл туралы сәрсенбі күні ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа.
Го Цзякунь кезекті ведомстволық баспасөз мәслихатында АҚШ президенті АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ пен Ресей өздерінің ядролық арсеналдарын қысқарту мәселесін талқылап жатқаны және Америка басшысы Қытайдың осы процеске қатысуына үміттенетіні туралы соңғы мәлімдемесі туралы сұраққа жауап беріп, осылай мәлімдеді.
Қытайлық дипломаттың айтуынша, әлемдегі ең үлкен ядролық арсеналға ие ел ядролық қарусыздану бойынша өзінің ерекше және негізгі міндеттемелерін адал орындауы, ядролық арсеналын түбегейлі және айтарлықтай қысқартуды жалғастыруы және ядролық қарусыздануды толық және жан-жақты түпкілікті жүзеге асыру үшін жағдай жасауы тиіс.
- Қытайдың ядролық мүмкіндіктері АҚШ-пен бірдей деңгейде емес. Ал екі елдің ядролық саясаты мен стратегиялық қауіпсіздік жағдайы мүлдем басқа,- деді Го Цзякунь.
Қытайдың ядролық қаруды бірінші қолданбау саясаты мен өзін-өзі қорғауға бағытталған ядролық стратегияны ұстанатынын атап өткен дипломат елдің ядролық күштерін әрқашан ұлттық қауіпсіздік үшін қажетті ең төменгі деңгейде ұстайтынын және ешқашан ешкіммен қарулану жарысына бармайтынын айтты.
Қытайдың ядролық қуаты мен ядролық саясаты – әлем бейбітшілігіне қосылған маңызды үлес, деп қосты Го Цзякунь.
Стокгольмдегі әлем проблемаларын зерттеу халықаралық институтының (СИПРИ) есебінде атап өтілгендей, Ресей мен АҚШ бірге барлық ядролық қарудың шамамен 90%-ына ие (АҚШ-та 5177, Ресейде 5459 оқтұмсық бар). Институт мәліметінше, қазір Қытайда кемінде 600 ядролық оқтұмсық бар. Ол өзінің ядролық арсеналын кез келген басқа елге қарағанда тезірек ұлғайтып жатыр (2023 жылдан бастап жылына шамамен 100 оқтұмсық).
Бұған дейін Трамп Иранның ядролық нысандарын жоятынын ескерткенін жазған болатынбыз.
Kazinform үшін арнайы Синьхуа ақпарат агенттігі ұсынған.