Қытайда мемлекеттік қызметке қабылдау жасы ұлғайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай соңғы онжыдықта бірінші рет мемлекеттік қызметке қабылдау жасын қайта қарады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі China Daily басылымына сілтеме жасап.

Қытайда мемлекеттік қызметке қабылдану жасы ұлғайды
Фото: Global Times

ҚХР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі мемлекеттік басқармасы 30 қарашада өтетін ұлттық емтиханға өтінім қабылдау алдында жаңа ережелерді жариялады.

Жаңартылған талаптарға сәйкес, үміткерлердің басым бөлігі үшін ең жоғарғы жас шегі 35 жастан 38 жасқа ұлғайтылды. Ал магистр немесе докторант дәрежесі бар азаматтар үшін бұл шек 40 жастан 43 жасқа дейін көтерілді.

2026 жылы Қытайдың орталық мемлекеттік органдарына және олардың бағынышты құрылымдарына 38 100 мемлекеттік қызметкер қабылдау жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 602 адамға аз, әрі 2019 жылдан бері алғашқы қысқару.

Жас шектеуінің өзгеруіне қарамастан, билік негізгі басымдықты жастарды жұмысқа орналастыруға беріп отыр. Атап айтқанда, шамамен 26 мың бос жұмыс орны соңғы жылдары жоғары оқу орнын бітірген түлектерге арналған.

Сарапшылардың айтуынша, бұл қадам Пекиннің зейнет жасын біртіндеп арттыру саясатына сай келеді.

Бұрын дейін хабарлағанымыздай, Қытай бюрократиямен күресу үшін жаңа ережелер енгізді.

Соңғы жаңалықтар