Қызылорда облысында «Creative Caravan» жобасы іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM - Қызылорда облысында креативті индустрияны және осы сала өкілдерін дамытып, қолдауға бағытталған өңірлік «Creative Caravan» жобасы бастау алды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысында «Creative Caravan» жобасы іске қосылды
Фото: ҚХА

Бұл жоба қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдар көрмесі, маркетинг бойынша тренингтер, заңгерлік кеңестер мен фотосессиялар өткізетін жылжымалы алаңға айналмақ. Сонымен қатар ұйымдастырушылар креативті индустрияны мемлекеттік қолдау шаралары туралы да ақпарат береді.

Осындай бағдарламамен керуен облыстың барлық аудандарын аралайды. Жобаның финалы 16 қазанда Қызылорда қаласында өтеді.

-Қазіргі таңда өңірде креативті индустрия саласында мыңға жуық субъект тіркелген,-делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратты.

Осыған дейін Қызылорда облысының Қазалы аудандық прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде мәдениет саласындағы мекемелерде еңбек заңнамасының бұзылғаны анықталғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар