Қызымды жүкті болғаны үшін өлтірді деп санаймын — Галина Легкодимова

АТЫРАУ. KAZINFORM — Қылмыстық істер жөніндегі сотта жәбірленушінің анасы айыпталушының мәлімдемелерін жоққа шығарып, басты себеп қызының жүкті болуы мүмкін деген сенім екенін айтты.

Янаның анасы
Фото: Видеодан скрин

Марқұмның анасының айтуынша, қызы сабырлы, тәрбиелі болған, өмірін оқуға және өз-өзін дамытуға арнаған.

— Ол 23 жастағы қыз. Үйден шықпайтын, тек оқитын, жұмыс істейтін, өзін жетілдіруге ұмтылатын. Ал енді оны ішімдікке, нашақорлыққа салынған, жеңіл жүрісті етіп көрсетуге тырысып отыр. Бұл шындыққа мүлде сай келмейді, — деді ол.

Галина Легкодимова сот залында айыпталушының алғашқы күннен бастап шындықты жасырып келе жатқанын мәлімдеді.

— Ол неге бір рет те шындықты айтпады? Себебі оның мақсаты — менің баламды құрту болды. Неліктен дәл қазан айында? Себебі мен әлі де қызым жүкті болған деп ойлаймын. Сол үшін ол тез арада қызымды өлтіруге шешім қабылдады, — деді жәбірленушінің анасы.

Бұған дейін прокурор екі күдіктіні өмір бойына соттауды сұраған еді.

Соңғы жаңалықтар