ҚК және ҚЖ Халықаралық федерацияларының аймақтық өкілдігінің мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Қызыл Крест және Қызыл Жартыай Халықаралық федерацияларының Алматыдағы Халықаралық федерацияның аймақтық өкілдігінің мәртебесі туралы 1992 жылғы тамыздың 10-ындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Түзетулерге қол қоюдың салтанатты шарасы болып өтті, деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Құжатқа қол қою рәсімінде Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қаржы министрі Болат Жәмішев болды. Қызыл Крест және Қызыл Жартыай халықаралық федерациясының атынан Федерацияның Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігінің басшысы Дрина Карахасанович келді.

Әңгіме барысында ҚР Қаржы министрі қазіргі заңдылықтағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік беретін аталмыш іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Бұл жерде әңгіме НДС төлеу бөлімінде Федерацияның аймақтық өкілдігін салық төлеуден босатуға қатысты болып отыр.

Өз кезегінде Д.Карахасанович осы мәселені шешудің маңыздылығын атап өте келе, «қайтарым ақшаның көмекке зәрулерге арналған бағдарламаға бағытталатынын» жауапты түрде мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар