ҚКХП-ның үгіт-насихат тобы СҚО, ШҚО және Жамбыл облыстарында бірқатар шаралар өткізді
Ықшам үгіт-насихат тобы қоғамдық орындарға үгіт-насихат плакаттарын іліп, темір жол, аудандық аурухана және базарда жергілікті халық үшін үгіт-насихат жұмыстарын өткізді. Бүгін ҚКХП-ның насихатшылары Талас және Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барады деп күтілуде, деп хабарланған партияның баспасөз баянында.
3 қаңтарда Шығыс Қазақстанда ҚКХП-ның облыстық комитетінің сайлауалды штабы қаланың қоғамдық көліктерінде «Сайлауалды бағдарламамен танысамыз» атты флэшмоб өткізді.
Еріктілердің 3 тобы қалалық көліктерге кіріп, ҚКХП жайлы жазылған ақпарат парағын жолаушыларға таратты. Үгіт-насихатшыларға сайлауалды партияның тұғырнамасына қатысты сұрақтар қойылды. Сондай-ақ парламентке өткеннен кейін ҚКХП-ның алға қоятын мақсаты, партияның үгіт-насихатшылары алдағы уақтытта партия интергация мәселесі мен орыс тілінің қолданыстан алынбауы жайлы, әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақыларды көтеру, азық-түлік және коммуналды қызметтерге төленетін бағаларды төмендетуге атсалысуы тәрізді сұрақтарға жауап берді.