09:10, 05 Қаңтар 2012 | GMT +5
ҚКХП СҚО, ШҚО және ОҚО-да үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Қаңтардың 1-нен 3-не дейін Шымкент қаласының орталықтарында, көшелері мен шағынаудандарында ҚКХП-ның үгіт-насихатшылары мен еріктілері өз жұмыстарын жалғастырып жатыр,
деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
Флэшмобтың барысында балаларға ҚКХП-ның белгісімен жасалған күнтізбе, ҚКХП-ның сайлауалды тұғырнамасымен таныстыратын парақшалар, сондай-ақ «Казақстан Коммунисі» және «Ар-Намыс» газеттері таратылды.
Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында Солтүстік Қазақстан облысының ҚКХП комитетінің мүшелері Петропавлдағы тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты.