ҚМДБ мен құзырлы меморгандардың мақсаты - елдегі қалыпты діни ахуал мен ұлтымыздың ұйыған бірлігін сақтау - «Төлбаев-Мұхаммед-Ғариф» мешітінің бас имамы
Бұл пікірін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының «Төлбаев-Мұхаммед-Ғариф» мешітінің бас имамы Қажымұқан Ғилиманов білдірді.
«Көпке мәлім былтыр Қазақстан Республикасының «Діни қымет және діни бірлестіктер туралы» Заңының жаңа нұсқасы қабылданды. Сол заңда еліміздегі діни бірлестіктердің тіркелуі және қайта тіркелуі баса көрсетілген болатын. Міне, осыған орай жыл бойы аталған заң бойынша, тіркеу және қайта тіркеу ойдағыдай өтті. Бұл қоғам үшін жасалған үлкен іс деп білемін. Бір нәрсе анық: ҚМДБ-ның, оның жергілікті бөлімшелерінің және құзырлы мемлекеттік мекемелердің мақсаты еліміздегі қалыпты діни ахуал мен ұлтымыздың ұйыған бірлігін сақтау. Осығын орай келешекте заң талаптарына сүйене отырып, имандылық жолында аянбай еңбек ете бермекпіз», - деп атап өтті ол.