ҚМДБ төрағасы бірқатар елдердің Бас мүфтилерін қабылдады

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Қасиетті жұмада «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы бірқатар елдердің Бас мүфтилерін қабылдады.
None
None

Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметінен хабарлады.

Құрметті қонақтардың қатарында Ресей мүфтилері кеңесі және Ресейдің еуропалық бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Ғайнутдин, Түркия Дін істері басқармасы төрағасының орынбасары Мехмет Емин Озафшар, Ресейдің азиялық бөлігі мұсылмандары діни басқармасының Сібір федералдық округінің мүфтиі, Омбы облысы қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Анарбек Жүнісов, Ресей мүфтилері кеңесінің тең төрағасы, Ресейдің азиялық бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нафигулла Әшіров, Қырғыз мұсылмандарының Бас мүфтиі Рахматулла Егембердиев, Монғол Ислам діндарларының мүфтилер одағының төраға орынбасары Дәулетбек Хұрманханұлы, сондай-ақ басқа дін жанашырлары болды.

Дін қайраткерлері кадр сапасын арттыру, өзара тәжірибе алмасу, бірлескен игі жобаларды, ізгі шараларды, ортақ мақсат пен ұлы мұраттарды бірлесе жүзеге асыру, діни басқармалар арасында барыс-келісті жандандыру, кейбір өзекті мәселелерге пәтуа шығару және т.б. діни түйткілдердің түйінін шешуді сөз етті.

Бас мүфтилер басқосудан кейін жұма намазын оқып, дұға жасады.

Соңғы жаңалықтар