ҚМГ мен PetroChina мұнай өңдеу саласындағы ынтымақтастықты дамытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжіңде «ҚазМұнайГаз» ҮК» АҚ, «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» және ҚХР мемлекеттік «СNPС» корпорациясының еншілес құрылымы - «PetroChinaCompanyLtd.» және Шымкент қаласындағы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» мұнай өңдеу зауытын басқару жөніндегі әріптес арасында келіссөздер жүргізілді.
None
None

Келіссөздер барысында «ҚМГ» ҰК» АҚ президенті Сауат Мыңбаев және Қытай ұлттық мұнай корпорациясының вице-президенті Ван Дунзин «ҚМГ және PetroChina арасында Қазақстандағы мұнай өңдеу саласындағы одан әрі ынтымақтастыққа бағытталған келісімге қол қойылды. Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Құжатта Қазақстанның ішкі нарығын сапалы мұнай өнімдерімен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында өзара іс-қимылды дамыту көзделген.

Сондай-ақ «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мен «СРЕСС» компаниясы арасында «Шымкент МӨЗ-ын жаңғырту және жаңарту» жобасын жүзеге асыру қосымша келісіміне қол қойылды. Онда зауыттың қуатын ұлғайту және мұнайды тереңдете өңдеу көзделген.

Соңғы жаңалықтар