«Қобыланды батыр» мен «Қыз Жібек» түрік тілінде жарыққа шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Анкарада «Қобыланды батыр» мен «Қыз Жібек» дастаны түрік тілінде жарық көрді.
None
None

Бұл туралы Алматыдағы Достық үйінде өткен «Жыраулық дәстүрдің тарихы, мектептері, орындаушылық ерек­шеліктері, шығармашылық түрлері және бүгінгі жай-күйі» атты дөң­гелек үстел барысында белгілі болды.

Шарада шығыстану фа­­куль­­теті, ТҮРКСОЙ кафе­дра­сының мең­герушісі, профессор Асқар Тұрғанбаев өзі басқарып отырған кафедраның жетістіктері туралы баяндай келе, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы тарапынан 2015 жылы Анкарада жарық көрген қазақ­тың «Қыз Жібек» дастанының түрік тіліндегі жарияланымы туралы, қазақи дастандық өнері мен түркі халықтарының жыраулық, жыр және ақындық өнері туралы баяндады. Ал Ерғали Есбосынов «Қобыланды батыр» дастанының да аудармасы жасалғанын, оның да Анкарада түрік тілінде шыққанын айтты. Сондай-ақ «Қобыланды батыр» дастанының Түркияның Ардахан университетінің «Ма­нас. Ма­насшылардың қазіргі ізбасарлары: ақын мен жыраулар, озан мен кайчы, ашыклар» атты халықаралық ғылыми жобасы грантын алғанын хабарлады.

Жоба жетекшілері Түр­­киядан про­фессор Эрдоған Алтынкайнак, Абдул­лах Елжан, Қазақстаннан Ерғали Есбосынов, Ресейден Дми­­трий Васильев, Якут-Са­ха Республикасы атынан Фа­тих Каракоч, Тува Рес­пуб­ли­касынан Алина Кара-Сал, Қырғыз Республикасынан Сү­леймен Қайыпов болған.

Дөңгелек үстелге құр­метті делегаттар ретінде Кипр­дегі Гирне-Аме­рика университеттері кон­цор­циумының президенті, профессор Серхат Ак­пынар, Корея Республикасындағы Ханкук уни­­верситетінің Орталық Азия кафе­драсының до­центі профессор Әлия Құрышжанова мен шетелдің бір­қатар жоғар­ы оқу орындарының өкіл­дері мен ға­лымдары қатысты, деп жазады «Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар