Қоғамдық тыңдау «Энергетикалық сақтау мен энергетиканың тиімді технологияларын енгізу» тақырыбына арналды - Көкшетау қаласы

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/- «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының конференц залында өткізілген дөңгелек үстел басындағы қоғамдық пікір алмасу «Энергетикалық сақтау мен энергетиканың тиімді технологияларын енгізу» тақырыбына арналды.
None
None

Мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері , «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Елбасының тапсырысына орай өңірде энергетикалық сақтау және энергетиканың тиімді технологияларын енгізуге орай мүмкіндіктер мен басты бағыттар айқындалды. Кездесу аясында «Энергетикалық сақтау туралы» Заң жобасы негізінде экономикалық жауаптылық және экономикалық ынталандырумен қоса, энергосақтаудың экономикалық механизмінің кіріспесі тарқатылды. Өз кезегінде облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы Александр Мартыненко өңірдегі энергия тапшылығын тілге тиек етсе, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменті табиғи монополияларды реттеу мен бағалар бөлімінің бастығы Наталья Шевцова баға саясатын реттеу жайын қозғады. Өз кезегінде профессор, техника ғылымының докторы, Экология және тіршілік әрекеті қауіпсіздігі ғылымдарының халықаралық академиясының академигі Қайролла Байшағыров жел қуатын энергия көзіне айналдырудағы туындап отырған қиындықтар мен ынталылық танытпау жайына назар аударды. Бұл бағыттағы маңызды міндеттерді «Көкшетау-Энерго» және «Транспорттық сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшылары мен мамандары қозғау салып, өз пайымдауларымен бөлісті. Тыңдаулар қорытындысы бойынша экономикалық және әлеуметтік салаларындағы энергосақтау және энерготиімділікті ынталандыру үшін сәйкес жағдайлар қарастырылатыны атап көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар