«Көкшетау» мәдениет сарайында қарт жауынгерлер мен тыл ардагерлеріне сый-құрмет көрсетілді

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - «Көкшетау» мәдениет сарайында Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейлі мерекесіне орай салтанатты жиын өтіп, онда өңір қарт жауынгерлері мен тыл ардагерлеріне сый-құрмет көрсетілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Майдангерлер басқосуында сөз алған облыс әкімі Сергей Дьяченко Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай атқарылған игілікті істер, жауынгерлерге көрсетіліп отырған әлеуметтік қамқорлықтар, алдағы мақсаттарды тілге тиек етті. Өз кезегінде Социалистік Еңбек Ері Баян Жанғалов пен Михаил Ульяшенко сұрапыл соғыс жылдарындағы қаруластарының қажырлығын, қайраттылығын, Отанға деген сүйіспеншілігі турасында әңгіме өрбітіп, бүгінгі бейбіт күнімізді мәңгі сақтауға тілектестігін білдірісті. Бүгінде өңірде 698 қарт жауынгер мен 15 мыңға тарта тыл ардаері аялы қамқорлыққа алынған. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 215 миллион теңге, республикалық бюджеттен жол сапарларға жәрдем ретінде 16 миллион теңге қаржы қарастырылған. Осыған орай 96 адам соғыс даласында болып, өткен жылдарды көз елесінен өткізбек. Оның ішінде екі жауынгер Мәскеуде, он адам Астанада, біреуі Киевте салтанатты шеруге қатысатын болады. Өңір басшысы Елбасының Жарлығына орай соғыс ардагерлері Баян Жанғалов, Айдар Мұхамеджанов, Михаил Ульяшенко, Вера Яроштың омырауына «Құрмет» ордендерін, Ғомар Кәрімұлы, Мария Киселева, Павел Цыпкаловтарға «Ерен еңбегі үшін» медальдарын қадады. Ал қарт майдангерлер Николай Гугучкин, Рамазан Мөкенов, Айып Есімов, Петр Крупин, Алексей Николаев, Яков Палий, Николай Сидоренко ҚР Құрмет грамотасыман марапатталды. Жиын соңы облыстық филармония мен жергілікті өнер шеберлерінің мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.

Соңғы жаңалықтар