«Көкшетау» мәдениет сарайының сахнасында балет кеші жұртшылық назарына ұсынылды

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бірінші мамыр мерекесі қарсаңында көкшеліктер «Көкшетау» мәдениет сарайында Болат Аюхановтың Мемлекеттік академиялық би театры балет кешінің куәсі болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.

Ауқымды мерекелік бағдарлама аясында жұртшылық назарына «Ленинградтық өренім» қойылымының тұсаукесері ұсынылды. Сахна төрінде алғаш рет балет өнерінің тамаша туындылары «Аққу көлі»(П.Чайковский), «Болеро» (М.Равель), Федор Достоевскийдің романы бойынша «Оркестрге арналған сыбызғы концерті» (1,2 бөлімдері) шығармалары орындалды. Әр қойылым арасында өнер шебері жұртшылықпен жылы-шырайлы пікірлесіп, әңгіме өрбітті. Кеш ақпараттық-танымдық, пікір алмасу арнасында жалғасын тапты.

Соңғы жаңалықтар