13:46, 11 Мамыр 2010 | GMT +5
Көкшетау университетінде Халықаралық бағдарламалар орталығы қоғамының қызметкерлерімен кездесу болады
АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат - Ертең, мамырдың 12-сі күні Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен кездесу өтеді. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесудің мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге 2010 жылғы қабылдау конкурсының шарттарымен таныстыру, іріктеу ережесін түсіндіру.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылғы 5 қарашада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қаулысымен тағайындалған болатын. Қазіргі уақытта «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің 27 елінде 3000-ға жуық стипендиат білім алуда. 17 жыл ішінде 2176 қазақстандық шетелде білім алып, елге оралды.