Көкшетауда 9 келі 30,8 грамм есірткі сатпақ болған қала тұрғыны қолға түсті

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасының жедел іздестіру тобы аса ірі көлемде есірткі саудасына қатысты қылмыстың бетін ашты.
None
None

«Көкнәр-2010» іс-шарасы барысында жедел топ өкілдері тапа-тал түсте қала тұрғынының есірткі саудасына қатысы бар екендігін айғақты дәлелдермен әшкереледі. Күдіктіге жүргізген тексеріс кезде оның киіміне жасырылған күмәнді зат табылып, зертханалық анықтама кезінде оның есірткі екені айғақталды. Осылайша 1985 жылғы П.есімді азамат 9 келі 30,8 грамм есірткіні тасымалдау кезінде тәртіп сақшыларының құрығына ілікті. Қазір оның үстінен ҚР ҚК-сінің 259-шы бабы 3-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.

Жалпы өңірде жыл басынан бері есірткімен байланысты 308 қылмыс, оның ішінде есірткі саудасына қатысты 65 қылмыстық әрекет тіркелген. Заңсыз айналымнан 183 есірткі заттары тәркіленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар