09:14, 04 Мамыр 2010 | GMT +5
Көкшетауда ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 25 711 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қаласында ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 25 711 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді,
бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,2 есеге көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінің деректеріне сілтеме жасап.
Шаһар басшысы Бақыт Сапаровтың айтуынша, осы уақытта қаланың тұрғын үй құрылысына 124 миллион теңге инвестиция тартылса, оның 10,8 миллион теңгесі республикалық бюджеттен, 5 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен, 574 миллион теңгесін кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар қарастырған көрінеді. Оның сыртында тұрғындар өздерінің 414 миллион теңгесін осы мақсатқа жаратқан. Жыл ішінде қолданысқа берілген баспаналардың 4 219 шаршы метрі жекелей құрылыс жүргізушілер үлесіне тиесілі болса, қалғандары өндіріс кәсіпорындардың қатысуымен салынып отыр.