Көкшетауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде азық-түлік өнімдері қолжетімді бағамен сатылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Айгүл Ахмеджанованың айтуынша, бүгінгі жәрмеңкеге Бұланды ауданының 16 ауылдық округінен 2,5 тонна ет, 500 литр сүт және сүт өнімдері, 500 келі картоп, көп мөлшерде жем ұсынылып, өз алушысын тапқан. Ал Еңбекшілдер ауданынан 4,5 миллион теңгенің, Бурабайдан 6,5 миллион теңгенің сан алуан азық-түлік тауарлары, жем-азық, ірі қара, қой, жылқы жеткізілген көрінеді. Ең бастысы сапасы жоғары тағамдық бұйымдардың бағасы да арзан. Бұл күні әр келі ет 550 теңгеден, сүттің литрі 60 теңгеден, қаймақ 400 теңгеден, картоп 40 теңгеден, жұмыртқаның әр ондығы 140 теңгеден, сары майдың келісі 500 теңгеден ұсынылды.
Бұған дейін Ақкөл, Зеренді, Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынған болатын.