Көкшетауда «Балғын шаққа-бал шығарма» балалар жинағы жарық көрді

КӨКШЕТАУ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйытқы болуымен «Келешек» баспаханасынан «Балғын шаққа-бал шығарма» атты балалар шығармаларының тұңғыш жинағы оқырмандарымен қауышты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ғосман Төлеғұлдың айтуынша, тырнақалды жинақта өңірде балалар шығармашылығына арналған байқауда жеңімпаз атанған 22 ақын мен жазушының туындысы қамтылған. Бұл ретте, жас оқырмандар поэзиядан - Қайырбай Төреқожа, Тоқатай Жиренбаев, Сайлау Жылқыбаев, прозадан Серік Жетпісқалиев, Қаратай Төлекеев, Төлеген Қажыбаевтың әңгімелерімен қатар облыстық балалар көркемсурет мектебінің оқушылары Нұрсұлтан Қайранбеков, Анар Таймасарова, Зарина Бисентаевтардың салған суреттерімен де кеңінен танысатын болады. Әсем безендірілген жинақтың алғашқы иелері де облыс орталығының мектеп жасына дейінге балалар мекемелері болуы тегіннен тегін емес. Өйткені мұндағы өлеңдер мен әңгімелердің тілі жатық, балғындардың оқуына, жаттап алуына еш қиындық тудырмайды.
Соңғы жаңалықтар