09:35, 05 Маусым 2009 | GMT +5
Көкшетауда доңыз тұмауының алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу өткізілді
КӨКШЕТАУ. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Ақмола тасымалдау бөлімшесі филиалына қарасты Көкшетау стансысында доңыз тұмауының алдын алу, егер бола қалған күнде онымен күресу тәжірибесін пысықтауға арналған оқу-жаттығу өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Шара аясында «Қызылорда-Көкшетау» бағытында жүретін жолаушылар пойызының 14-ші вагонында бүгінде белең алып отырған дертке шалдыққан жолаушының бар екені анықталып, оны бейтараптандыру, қасында болғандарды тексеруден өткізу жұмыстары қолға алынды. Арнайы киімдегі қызметкерлер өз міндеттеріне кіріссе, санитарлық эпидемиологиялық стансы мамандары жолаушылармен әңгімелесіп, тексеріс жүргізді.