09:36, 03 Тамыз 2015 | GMT +5
Көкшетауда ер адам үйімен бірге өртеніп кетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 49 жастағы ер адам үйімен бірге жанып кетті.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады. Өрт 1 тамыз күні түнгі сағат 04:38 минут шамасында Көкшетау қаласындағы Абай көшесінің бойында орналасқан жеке меншік үйде болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 27 адам мен 9 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Оқиға орнынан 1966 жылғы ер адамның мәйіті табылды.