10:54, 30 Қазан 2009 | GMT +5
Көкшетауда есірткі саудасына қатысты күдікті құрықталды
КӨКШЕТАУ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Көкшетау қаласында Ақмола облыстық есірткі бизнесімен күрес басқармасының жедел іздестіру тобы кезекті іс-шара барысында салмағы 4,23 грамм героин сатушыны құрықтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полиция қызметкерлері есірткі бизнесімен айналысушыға тексеру жүргізген кезде оның қалтасынан тағы да 12,44 грамм есірткі заты, 19 мың теңге тәркілеген. Бұрындары осындай әрекеті үшін сотталып келген күдікті айғақты заттарды «өз қажетіме ұстаймын» деп ақталып отыр. Қазір тергеу амалдары жалғастырылуда. Тәртіп сақшылары залалды заттың қайдан алынғанын, не үшін өзімен алып шыққанын, саудалау орындарын анықтау үстінде.