Көкшетауда І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптың тұсауы кесілді (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақ хандығының 500 жылдығы мен Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына орай ҚР Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Амангелді Қашқынбаевпен кездесу өтті.
None
None

Облыстық тарихи өлкетану мұражайында ұйымдастырылған тағылымды шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ж.Ерғалиев, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы Төлеген Қажыбай және «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы Мейрамбек Қиықов қатысты.

Кездесу барысында Амангелді Қашқынбаевтың қазақтың біртуар перзенті «Көшпенділер» мен «Алтын Орда» романдарының авторы Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылық жолға түсуінің елеулі тұстарын қамтыған «Ұлы Дала» сериясымен шығып отырған кітабының тұсауы кесілді.

««Ілияс Есенберлин» атты ғылыми танымдық тұрғыдан жазылған бұл шығармада Алматы мемлекеттік және Астана қаласындағы әдеби мұражайларда, ұлттық мұрағатта сақталған қолжазбалар мен басқа да деректер негізінде І.Есенберлиннің өмірлік көзқарастарының қалыптасуы, оған әсер еткен жағдайлар мен тарихи шығармалардың жазылу себептері қарастырылған», - дейді туындының авторы.

Еске сала кетсек, биыл қазақ халқының сан ғасырғы тарихын көркем тілмен бейнелеп, қазақ елінің әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Атбасар ауданының тумасы Ілияс Есенберлинге 100 жыл толып отыр. Осыған орай оның туған жерінде ескерткіш ашу жоспарланған. Оның жалпы құны 12 миллион 997,5 мың теңгеге бағаланып отыр. Бой көтеретін еңселі ескерткіштің биіктігі 2 метр, ол аудан орталығының ең көрнекті жері - орталық саябақтан орын теппек. Қазіргі кезде нысанның құрылысы қызу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум