Көкшетауда Инновациялық жобалардың халықаралық жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - 25-26 сәуірде Көкшетау қаласында «Ақбота» қоғамдық қоры Ақмола облысының білім беру департаментімен және облыстық біліктілікті арттыру институтымен бірлесіп, Ұлттық волонтерлік желінің қолдауымен, Инновациялық жобалардың халықаралық жәрмеңкесін өткізеді.
None
None

Жәрмеңкеге Ресейдің Самара облысы, Том қаласы, Алтай өңірінің ұстаздар делегациясы қатысады. Бұл ақпаратты аталған жәрмеңкені ұйымдастыру комитеті таратып отыр.

«Біздің мақсатымыз - әлеуметтік бағдарланған білім беру идеяларын тарату. Ол бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың негізгі басым бағыттарына толық жауап береді. Егер мектепте шығармашылық және бастамашылық өріс алып, демократиялық білім беру идеялары қолдау тауып, еріктілікті, бастамаларды дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы серіктестікке, ата-аналық әлеуетке ықпал ету мүмкіндігі бар болған жағдайда, балалар жақсы жаққа бағытталған өзгерістерге өздерінің қатыстылығын сезінетін болады. Әркімге де жанына жақын келетін іс табылмақ, ұстаздық әлеуетті шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыру үшін көп мүмкіндіктер бар», - дейді шараның ұйымдастырушылары.

Соңғы жаңалықтар
Референдум