Көкшетауда ішімдік жасап келген жасырын цех әшкереленді

КӨКШЕТАУ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының полиция қызметкерлері облыс орталығында қолдан ішімдік жасап келген жасырын цехты әшкереледі,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

 Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Алтай Бошановтың айтуынша, «жалған кәсіпкерлер» жер үйде «Статус» арағын қолдан жасауды өндірістік жүйеге қойып үлгерген. Дайын өнімдерін жергілікті сауда орындарына өткізіп отырған. Шара барысында екі жігіттің «өндіріс орындарынан» Петропавл қаласындағы ликер-арақ зауытының акцизді маркалары, қақпақтар, спирт тәркіленген. Сонымен бірге, өткізуге дайын 143 шөлмек «Статус» ішімдігі заңсыз айналымнан алынды. Қазір күдіктілдердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.

Соңғы жаңалықтар