Көкшетауда Қарттар күніне орай мәдени шаралар белгіленген

КӨКШЕТАУ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қалалық әкімдігі жанындағы тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінен алынған мәліметтерге сәйкес, қазанның 1-і Халықаралық қарттар күніне орай барлық мәдениет ошақтарында, спорт кешендерінде, кітапханалар мен кинотеатрларда көпшілік-мәдени іс-шаралар белгіленген.
None
None

Осы бағдарламаға орай «Көкшетау» мәдениет үйінде «Ардагерлерді ардақтайық!» мерекелік концерті өткізілетін болады. Оның сыртында «Ақмола достарын шақырады» фольклорлық шығармалар фестивалі, облыстық филармония өнер шеберлерінің ән мен би кеші, ардагерлер арасында шахмат пен дойбыдан біріншілік, көркемөнер мектеп оқушыларының «Қариялар - баға жетпес байлығымыз» тақырыбына арналған қыл қалам туындылары көрмесі ұйымдастырылмақ. Меншік түріне қарамастан әрбір мекемеде, кәсіпорындар мен ұйымдарда, шағын және орта бизнес нысандарында өзіндік мерекелік кездесулер мен кештер жобаланған. Жалпы ай бойына қариялар қамқорлыққа алынып, сый-құрмет көрсетілмек.

Соңғы жаңалықтар