Көкшетауда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған облыстық «Қасиетті домбыра» байқауының жеңімпаздары анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесі аясында қала әкімінің кубогына арналған облыстық «Қасиетті домбыра» байқауы ұйымдастырылды. Бұл туралы Көкшетау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Ұлттық өнерді өскелең ұрпақ пен өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды анықтап, олардың шығармашылық дамуына демеу көрсету мақсатында ұйымдастырылған байқауға Көкшетау, Степногор қалалары, Ақкөл, Еңбекшілдер және Бұланды аудандарынан келген барлығы 25 жасөспірім қатысып, шеберліктерін ортаға салды. Байқау жеңімпаздары үш аталым бойынша анықталды. Оның ішінде степногорлік Мадияр Канафин «Үздік күйші» атанса, Ақкөл ауданына келген Құралай Нұрдуллаева «Үздік дәстүрлі әнші», бұландылық Шаман Өмірзақ «Үздік термеші» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды. Жеңімпаздар Көкшетау қаласының кубогы, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды Айта кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ, «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен байқауға Көкшетау қаласы әкімдігі және Ақмола облысы білім басқармасы қолдау білдірді.

Соңғы жаңалықтар