Көкшетауда облыстық әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары анықталды
жүзден жүйрік шыққандар сый-құрметке бөленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының қолдауымен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орайластырыла іске асырылған игілікті шараға өңірдегі 14 кәсіптік және техникалық оқу орындары, колледждер оқушылары арасындағы байқауға 26 жеке ән орындаушы мен 14 өнер ұжымы қатысты. Екі күндік өнер сайысында үміткерлер ерлік пен батырлық, отансүйгіштік пен қазақстандық патриотизм тақырыптарындағы әндерді орындап, мақсат биігінен көрінген. Байқау қорытындысы бойынша Ақан сері атындағы музыкалық колледж оқушысы Әлия Солдатхан мен Степногор қаласынан келген вокальды трио жеңімпаздар атанып, арнайы диплом мен бағалы сыйлықтарға иелік етті. Алдағы уақытта жаңа бастама жалғасын тауып, дәстүрлі өнер байқауына айналмақ.