15:32, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
Көкшетауда өскелең талапқа сай сауда-мәдени тынығу орталығы ашылды
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Көкшетауда өскелең талапқа сай «РИО» сауда-мәдени тынығу орталығы ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аумағы 15 мың шаршы метрді алып жатқан бес қабатты ғимарат сәулеттік ерекшелігімен көз тартады. Мұнда құрылыс техникасы мен технологиясының жетістіктері, сауда мәдениетінің озық үлгілері молынан қамтылған. Балғындар үшін ойын-сауық орталығы, бір мезгіл тыныстап, тамақтанып, бой жазатын бөлме, жыл онекі ай бойы жұмыс жасайтын субұрқақ жұртшылық игілігіне берілген. Ең бастысы, орталықта 300 жаңа жұмыс орны ашылып, келушілердің талап-тілегін орындауға бағытталған барлық мүмкіндік ескерілген. «Көкшетау арасан су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Әлиевтің айтуынша, орталық серіктестіктің құрамдас бір бөлігі ретінде қызмет жасай отырып, келушілердің сұранымын қанағаттандыруды көздейді.