Көкшетауда өткен жәрмеңкеде 111,1 миллион теңгенің азық-түлік өнімдері сатылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын қолдау мақсатында «Сапалы және арзан!» атаумен отандық ауылшаруашылығы өнімдердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жәрмеңкеге Астрахан, Егіндікөл, Есіл, Жарқайың аудандары және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Жәрмеңкені аралап көрген Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин азық-түліктің бағасы мен сапасына назар аударды. «Аудандардан бөлек бұл жерде «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның өнімдері де бар. Мен жаңа осы корпорация өнімдері сатылатын жерде адамдардың ең көп кезек күтіп тұрғанын байқадым. Корпорация көтерме бағамен қант, жарма, макарон өнімдерін, күнбағыс майын сатуда. Біз бұл өнімдерге бағаны көтермейміз. Сондай-ақ нанның бағасын да қадағалаймыз. Әлеуметтік нанның бағасы 55-60 теңгеден аспауы керек. Бүгінде біз жаңа жылдан кейін нан бағасының күрт қымбаттап кетуін болдырмау үшін бюджеттен қаражат қарастырып жатырмыз», - деді облыс әкімі.

Жалпы осы күні барлығы 111,1 миллион теңгеге 270 тонна азық-түлік өнімі жұртшылық назарына ұсынылды.

Атап айту керек, жәрмеңкеде саудаланатын өнім бағасы базар бағасынан 25-30 пайызға арзан болды.

Облыс әкімі жиналған тұрғындарға жаңа жылдық мерекеге азық-түлік өнім қорын қамдап алулары үшін дәл осындай жәрмеңкені жыл аяғына дейін тағы бір рет өткізуге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар