Көкшетауда сарбаздардың жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қызметтік тексеріс басталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімше сарбаздарының жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде аталмыш әскери бөлімшеде қалған әскери қызметшілердің арасында емдеу-алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қызметкерлердің әл-ауқатына қатысты жаңа шағымдар түскен жоқ.

«Осы дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде», - деп атап өтті ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімшенің 40-тан астам әскери қызметшісі ЖРВИ (жедел респираторлы вирусты инфекция) белгілерімен жұқпалы аурулар орталығына жатқызылғанын жазған едік. Олардың 5-нен минингокты инфекцияға реакация оң болып шықса, 4-нен энтеровирусты, қалғандарынан респираторлы инфекция анықталды.

Кейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауруханаға жатқызылған сарбаздардың жағдайы туралы айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар