10:35, 30 Қазан 2009 | GMT +5
Көкшетауда төрт наубайхана нан бағасын екі теңгеге арзандатты
КӨКШЕТАУ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетауда облыс орталығын нан және тоқаш өнімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқан ірі наубайханалар өз өнімдерінің бағасын екі теңгеге арзандатты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жақсы істі бастаушылардың бірі «Ақсай-нан Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қараша айынан бастап өзіне қарасты алты сауда орнында «Алматы» нанын 61 теңгеден, бірінші сортты «Жайма нан»-ды 53 теңгеден белгілеп отыр. Өз кезегінде «Көкшетау нан зауыты» бірінші және екінші сортты ұннан пісірілген нан бағасын 41 теңгеге түсірді. Ал «Билор» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұстанымы - әр бөлке нанды 36-38 теңгеден сату. «Көкше нан» серіктестігі бірінші сортты нан бағасын 47-51 теңгеге дейін арзандатты. Бұл үрдісті нан пісірумен айналысатын басқа кәсіпкерлер де қолдайды деген сенім бар.