Көкшетаудағы «НОВОПЭК» ЖШС әкімшілік ғимаратының төртінші қабаты мен шатыры өртеніп кетті

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Көкшетау қаласындағы «НОВОПЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әкімшілік ғимаратының төртінші қабаты мен өндірістік бөлегінің шатырын тілсіз жау жалмап кетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кезінде қаңырап қалған тоқыма-галантерея фабрикасына инвесторлар қаржы құйып, соңғы үш жылда жаңа жұмыс орындарын ашып, ауқымын кеңейте бастаған еді. Өрт жоғары қабатта, түскі мезгілде шыққан. Жұмысшылар шелекпен су құйып, жалынды ауыздамаққа әрекет жасаған. Алайда қытайлық құрылыс материалдары лезде лапылдап жанып, бой бермей кеткен. Оған жұмылдырылған 10 өрт сөндіру көлігі, екі арнайы сатылы техника, көрші кәсіпорындардан жеткен бес су тасымалдау көліктері бір жарым сағат бойы жалынмен арпалысып, өртті ауыздықтады. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.
Соңғы жаңалықтар