Көкшетаудағы салтанатты шеру Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, майданда мерт болған жауынгерлерге тағзым етумен басталды

ӨКШЕТАУ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Көкшетауда Ұлы Жеңісінің 65 жылдығына арналған салтанатты мереке Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, майданда мерт болған жауынгерлерге тағзым етумен басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Сергей Дьяченко, жүзге тарта қарт жауынгерлер мен тыл ардагерлері, қоғамдық ұйымдар мен жастар бірлестіктері, ұлттық мәдени орталықтар өкілдері, лагерлерде азапты жылдарды бастан кешкендер, ауған соғысының арагерлері, әскери-партриоттық клубтар мүшелері, барша жұртшылықтың қатысуымен өткен митингіде Жеңіс жолындағы сарбаздар ерлігі, ынтымағы, достығы әңгімеге арқау етілді.

Даңқ аллеясындағы Батыр қалаларға арналған мәрмәр тас белгілері, Талғат Бигелдиновтың бюст-ескерткіші гүл шоқтарына бөленген. Өңірден Ұлы Отан соғысына 83 мыңға тарта адам аттанған болса, солардың 38-і - Кеңес Одағының Батырлары. Қан майданнан аман-сау елге оралып, бүгінгі қуаныштың куәгері болып жүрген 698 қарт жауынгер мен 14 мыңға тарта тыл ардагері аяулы қамқорлыққа алынған. Олардың әрқайсысына әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен 15 миллион теңге, облыстық және жергілікті бюджеттен 215 миллион теңге қаржы қарастырылып, сый-кәде табысталды. Омырауларына мерекелік медальдар тағылып, қуанышқа толы кездесулер өткізілді. Салтанатты той-думан Абылай хан алаңында жастар қоғамдық бірлестіктерінің, жоғары және арнаулы оқу орындары студенттері мен мектеп оқушыларының, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институт курсанттарының, нөмері 5510 әскери құрама сарбаздарының, «Күзет» мамандандырылған әскери күзет қызметкерлерінің салтанатты шеруімен жалғасын тапты. Шаһардың бас алаңындағы «Ұлы жеңіске тағзым» театрландырылған қойылымы, мерекелік концерт өзіндік тақырыптық сабақтастығымен үндесіп жатты. Дала дәмханасына жиналған майдангерлер сол күндерін еске алып, қиыншылығы мол жылдардан сыр шертісті. Бұл күн шын мәнісінде бүкілхалықтық ынтымақтастық пен бірлік мерекесіне ұласты.

Салтанатты жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Аяғанов қатысып, жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады. Осындай той-думан облыстың барлық аудан орталықтары мен қалаларында, елді мекендерінде жоғары деңгейде жалғасын тапты.

Соңғы жаңалықтар