Көксу ауданында түйе шаруашылығы мемлекет қолдауына ие болды - Алматы облысы (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында дамып келе жатқан түйе шаруашылығы мемлекет қолдауына ие болды.
None
None

Кәсіпкер Мейрамбек Отарбайдың меншігіндегі «Мейрамбек» ЖК-ға аудандық әкімдіктің қолдауымен түйе жайылымы үшін 500 гектар жер берілді.

Жақында кәсіпкер фермасын одан әрі ұлғайту және түйе санын арттыру мақсатында «Сбербанк» АҚ-ға 7 млн. теңге көлемінде несие алуға тапсырыс берген. Жоба Алматы облысының әкімдігі тарапынан қолдауға ие болып, 6,5 процент жеңілдікпен несие бөлінді. Ал «Даму» қоры бизнесті қолдау мен дамыту бағытындағы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жоба бойынша 5,3 млн. теңге көлемінде өз кепілдігін ұсынды. Несие қаражатына «Мейрамбек» ЖК қосымша тағы 9 түйе мен 7 жылқы сатып алды.

Бүгінгі күні Отарбайдың түйесінің саны төлімен қоса алғанда отызға жуықтады. Кәсіпкердің түрлі ұлттық сусындар мен тағамдар ұсынатын шұбатханасы жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар