Көксу қант зауыты алғашқы өнімдерді қабылдады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысындағы Көксу қант зауыты алғашқы қант қызылшасы өнімдерін қабылдады. Тәтті жүкті Ескелді және Сарқан аудандарынан әкелді.
None
None

Ақсу ауданынан да жеткізілетін күн жақын.

Өнімнің алғашқы легін салтанатты қабылдау барысында Орталық Қант корпорациясының директоры Галина Баймұрзаева аграршыларды құттықтады. Ол зауыттың жоспарланған 100-120 тонна шикізатты қабылдауға әзір екендігін және 12 мың тонна қант алынатындығын, ал шаруаларға небәрі үш күннің ішінде қаражат төленетіндігін жеткізді.

Облыс аграршылары өз кезегінде көрсетілген мемлекеттік қолдау мен көмекке ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ олар өнім қабылдау барысының тиянақты ұйымдастырылғандығын атап өтті. Енді ең бастысы, қызылша қанттылығының жоғары болуы.

Атап өткен жөн, бүгін өздерінің алғашқы өнімдерін Ескелді ауданындағы «Хильниченко и К» серіктестігінің және Сарқан ауданы Бақалы ауылының мемлекеттік көмектің арқасында биыл 25 гектар жерге қызылша еккен «Ақ құдық» шаруа қожалығының диқандары әкелді.

Бұлар әр гектардан 700-750 центнерден өнім алуды жоспарлауда. Оның үстіне ауданда 730 гектарға қант қызылшасы егілді. Орташа өнімділік 300-350 деңгейінде жоспарланып отыр. Ал зауытқа 20 мың тонна шикізат жеткізілмек. Ақсу ауданында 860 гектарға қызылша өсірген 61 шаруа қожалығының көліктері де жолда келеді. Бұл ауданда әр гектарынан 250-300 центнерден өнім алу жоспарлануда.

Қызылша жинау науқанын Қарашіліктегі «Мұрат Арман» және Ойтоған ауылындағы «Матай» шаруашылықтары алғашқылардың бірі болып бастады.

Қазіргі уақытта егіс танаптарында өнімділігі жоғары комбайндар тоқтаусыз өнім жинап жатса, арнайы сатып алынған КамАЗ жүк көліктері зауытқа шалғай аудандардан шикізаттар тасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар