10:18, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
Көктемгі егін жұмыстарына 360 мың тонна арзандатылған дизель отыны жеткізіледі - С. Мыңбаев
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Көктемгі егін жұмыстарына 360 мың тонна арзандатылған дизель отыны жеткізіледі.
Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында баяндама жасаған Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті.
«Егін егу мен жиын-терім науқанында төмен бағамен дизель отынын жеткізу өткен жылы толық іске асырылды. Бұндағы жеңілдік елеулі болды. Биылғы жылы да осы жұмыс басталып кетті. Көктемгі егін жұмыстарына 360 мың тонна арзандатылған дизель отыны берілетін болады», - деді министр.
Оның айтуынша, қазіргі таңда шаруаларға жеңілдетілген жанармай кесте бойынша жөнелтілуде.