Көктемгі егіс науқаны барысында дизель отынының бағасы белгіленген деңгейде сақталады

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Көктемгі егіс науқаны барысында дизель отынының бағасы белгіленген деңгейде сақталады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ-ның бас директоры Данияр Берлібаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көктемгі егіске 300 мың тонна жанармай жеткізу жоспарланып отыр. Бұл шаралар наурыз, сәуір, мамыр айларында жүзеге асырылады. Наурыз айында 150 мың тоннаға тарта көлем жарияланған болатын. Осы 150 мың тоннада біздің үлес 62 мың тоннаны құрайды. Біз тиісті келісім-шарттарды ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері операторларымен жасадық. Атап айтқанда, жанармайды жеткізу шаралары қазіргі кезде жүріп жатыр», деп мәлім етті ол.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне дизельдің бағасы 60-62 теңге төңірегінде жеткізу қамтамасыз етіліп отырғанын жеткізген бас директор, «Аталған бағаны қамтамасыз ету үшін біз өзіміздің мұнай өнімдерімізді 55 теңгеден сатудамыз», деді. Бөлшек саудада баға 67 теңгені құрайды.


Оның сөзіне қарағанда, дизельді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жеткенге дейінгі тасымалдауға жұмсалатын аралықты жабу үшін компания өнімді 55 теңгеден сатып отыр. «Ал өзіміз тікелей сататын жерлерде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне баға 60 теңге деңгейінде бекітілді», деп атап өтті Д. Берлібаев.

Осы орайда ол аталған баға көктемгі егіс науқанында сақталатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар