Көлік дәлізін жаңғыртуға Азия Даму Банкінен 173 млн. доллар бөлінеді
(«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі), (Инвестициялық бағдарлама 3-жоба) ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.
Бұған дейін комитет мүшелері «Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия Өңірімен Экономикалық ынтымақтастық (Жамбыл облысы) Көлік дәлізін қайта жаңарту жобасы бойынша Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» құжатты талқылаған еді. Осы қарыз туралы келісімнің міндетті шарты бойынша Қазақстанның Азия Даму Банкімен келісімінің күшіне енуі керек болатын. Ал Азия Даму Банкімен келісімге 2010 жылғы 15 желтоқсанда қол қойылды. Ондағы қаржы сомасы 173 млн. долларды құрайды. Қарыз 4 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда 19 жылға беріледі. Міндеттеме үшін комиссия жылына 0,15 пайыздық ставка бойынша алынады.
Азия даму банкінен қарастырылатын осы қаражат қашықтығы 98 шақырым жолды жаңалауға жұмсалады. Бұл Жамбыл облысындағы Қордай асуын айналып өтіп, Отар автожолынан Қырғыз шекарасына дейінгі аумақты, яғни Қордай-Қарасу аумағын қамтиды. Бұл участокте сондай-ақ 17 көпір, 135 су өткізгіш құбырлар салынады деп жоспарланған.