15:34, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Көлік полицейлері солтүстікқазақстандық азаматтан бір килә марихуана тауып, тәркіледі
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Көлік полицейлері Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынынан бір килә марихуана тауып, тәркіледі, деп хабарлады Көліктегі Орталық ІІД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Смирново стансасының теміржол вокзалында СҚО-ның 45 жастағы тұрғыны ұсталды, күдік туғызған азаматты жеке тінту кезінде одан салмағы шамамен бір килә болатын марихуана есірткісі табылды.
Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың есірткіні қайдан алғаны және не үшін сақтағаны туралы ақпаратты алу үшін тергеу амалдары жүзеге асырылуда.